Шымкенттік тұрғын қызғалдақты жұлғаны үшін 9 миллион теңге айыппұл төлеуі мүмкін
Түркістан облысының тәртіп сақшылары Қызыл кітапқа енген алты қызғалдақты жұлған ер адамды ұстады. Тәртіп бұзушыға 3000 АЕК көлемінде айыппұл салынуы мүмкін
Полиция мәліметі бойынша, қызғалдақтарды жұлған ер адамды тәртіп сақшылары Ақбастау ауылы маңында байқап қалған. Тәртіп бұзушы бөлімшеге жеткізілді, ал оның жұлып алған гүлдері сараптамаға берілген.
«Сайрам-Өгем» мемлекеттік табиғи саябағы өкілдері қорытындысына сәйкес, жұлынған гүлдер Қазақстанның Қызыл кітабына енген Грейг қызғалдақтары», – деді ведомство өкілдері.
Айыпталушыға қатысты ҚК-нің 339-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіледі.