Алматы облысында полицей қызметтік көлікпен әйелін қағып өлтірді

0 26

istockphoto

https://turkystan.kz/article/281542-almaty-oblysynda-policei-qyzmettik-kolikpen-aielin-qagyp-oltirdi
Алматы облысының Балқаш ауданында аудандық полиция бөлімі бастығының орынбасарының қатысуымен адам өліміне әкеп соққан қайғылы жол апаты болды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Оқиға 16 мамыр күні таңертең Қонаев — Бақанас тасжолында болған. Алдын ала мәліметтер бойынша, полиция қызметкері қызметтік Hyundai Elantra автокөлігін тізгіндеп келе жатқан. Көлік ішінде онымен бірге жұбайы да болған. Сапар барысында ерлі-зайыптылардың арасында жанжал туындаған. Тергеудің алдын ала нұсқасына сәйкес, ер адам Бақбақты ауылының маңында көлікті тоқтатып, әйелін жол жиегіне түсіріп кеткен. Сәлден соң ол қателігін түсініп, әйелін алып кету үшін артына қарай бұрылған. Алайда, тас жолдың 84-шақырымында жүргізуші жол үстінде тұрған жұбайын байқамай қалып, оны қағып кеткен.

Алған жарақаттарының салдарынан әйел адам оқиға орнында тіл тартпай кетті.

Оқиға орнына бірден полиция, прокуратура қызметкерлері және Алматы облыстық полиция департаментінің жедел-тергеу тобы жеткен. Тексеріс барысында шенді полицейдің қызметтік автокөлікті жол жүру парағы негізінде заңды түрде мінгені анықталды.

Аталған дерек сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы 3-бөлігі бойынша тіркелді. Қазіргі уақытта қажетті сараптамалар тағайындалып, тергеу амалдары жүріп жатыр. ҚР Ішкі істер министрлігі бұл оқиғаға қатысты әлі ресми мәлімдеме жасаған жоқ.

Толық нұсқасына гиперсілтеме беруді ұмытпаңыз: https://turkystan.kz/article/281542-almaty-oblysynda-policei-qyzmettik-kolikpen-aielin-qagyp-oltirdi

Leave A Reply

Your email address will not be published.