Жазғы лагерьлер шетінен жабылып жатыр

0 41

Жазғы лагерьлер шетінен жабылып жатыр. Биыл Ақмола облысында 2 білдей орталық өз қызметін тоқтатпақ. Бірі бір маусымда 800-ге жуық баланы қабылдаса, екіншісі 350 оқушыға қызмет көрсеткен-ді. Бұл туралы Балалар мен жасөспірімдер туризмі қауымдастығының төрағасы Қайрат Сұлтанов хабарлады. Оның айтуына қарағанда, нарықта кәсіпкерлерге талап күшейген соң, бизнесмендер басқа салаға бет бұруда. Әсіресе, жаңа норма бойынша өткізілетін ескертусіз тексерулер кәсіп иелерін біраз тығырыққа тіреген көрінеді. Тағы бір мәселе – жеңілдетілген несиелердің жоқтығы. Бүгінде жазғы лагерьлердегі техника, жиһаз, төсек орындары және тағы басқасы ескі. Ал оны жаңарту үшін орталық директорлары өз мүлкін кепілдікке қояды екен. Сондай-ақ, «жаңа нормада бекітілген тамақтандыру стандарттары кәсіпкерлер үшін үлкен жүк», дейді Қайрат Сұлтанов.
t.me/atamekenbusiness_qaz

Leave A Reply

Your email address will not be published.