«Еврохимдіктер» вакцина қабылдауда
Қазақстандағы «ЕвроХим» компаниясының қызметкерлері коронавирусқа қарсы вакцинация қабылдауда.
Қазақстандағы «ЕвроХим» қызметкерлері 2021 жылдың 6 сәуірінен бастап вакцинация қабылдауды бастады. Алғашқы болып Жаңатас қаласындағы «ЕвроХим-Қаратау» және «ЕвроХим-Тыңайтқыштар» жұмыскерлері бастады. Олар процедураның алғаш қадамын табысты аяқтап, жаңа COVID-19 профилактикалық емін алу үшін «Спутник V» препаратының алғашқы дозасын алды. Иммунизация үшін Қарағандыда өндірілген, «Спутник V» бірік- тірілген векторлы вакцинасы таңдалды. Зерттеу нәтижелеріне сәйкес, аталған вакцина коронавирусқа қарсы қорғануда сенімді және әсерлі. Екінші екпе 21 күннен соң болады, соңынан екпе жасалғаны жайлы құжаттары беріледі. Ескерте кетейік, Қазақстан азаматтарының жаппай коронавирусқа қарсы екпеленуі 1 ақпанда басталды және жыл соңына дейін алты миллион адамға екі екпелену жоспарлануда.
«Спутник V» вакцинасының алғашқы екпесін 40 қызметкер алды. Вакцинациялау жергілікті медициналық ұйымдармен бірлесе отырып өткізілді. Вакциналациялау алдында барлық еріктілер терапевтке көрінді, артериальдық қысымы, дене қызуы өлшенді және сатурация мен сауалдамадан өткізілді. Қазіргі таңда қызметкерлердің 30 пайызы вакцинацияланды. Жыл соңына дейін бұл көрсеткішті 40 пайызға жеткізу жоспарлануда.
«Мен вакцинацияға алғашқылардың бірі болып жазылдым. Маған ертеңгі күні денсаулығымның жақсы болатындығының кепілдігі керек», -деген ойымен бөлісті «ЕвроХим-Тыңайтқыштар» автомобильді көліктер бөлімшесінің жедел жәрдем жүргізушісі Абзал Тортаев.
Алғашқы екпені алғандардың барлығы өздерін жақсы сезінуде және жұмыстарын жалғастыруда. Үш аптадан соң – екінші кезең, ол да жұмыс барысынан ажырамай өткізіледі.
«Бізде өз еркімен, денсаулығын ойлайтындар вакцинация қабылдайды. Вакцинация – бұл коронавирусқа мықты тосқауыл. Мен өзім вакцинация қабылдадым.», — деп атап өтті «ЕвроХим-Тыңайтқыштар» өндіріс бойынша бас директорының орынбасары Болат Каримов.
«ЕвроХим-Қаратау» ЖШС-нің баспасөз қызметі