БАУЫРЛАСТЫҚ БЕКЕМДЕЛДІ
Режеп Тайип Ердоған: Қазақстанды Орталық Азиядағы экономикасы ең ауқымды ел ретінде білеміз
Түркия Президенті қазақ және түрік кәсіпкерлерінің үлес қосуының арқасында Қазақстанмен экономикалық қарым-қатынас нығайып келе жатқанына қуанышты екенін жеткізді.
«Бүгінде Қазақстанды сыртқы сауда айналымы 145 миллиард долларға жеткен Орталық Азиядағы экономикасы ең ауқымды ел ретінде білеміз. Осы өсімнің нәтижесінде Қазақ елі 2025 жылы түркі әлеміндегі ең ірі сауда-экономикалық серіктесімізге айналды. Әрине, біз мұнымен шектелмейміз. Мақсатымыз — 15 миллиард долларлық межеге жету», — деді Режеп Тайип Ердоған.