Қызылордада жатақханада студент соққыдан көз жұмды

0 37
Қызылордада медициналық колледж жатақханасында 16 жастағы бірінші курс студенті көз жұмды. Оқиға «Болашақ» колледжінің жатақханасында болған.

Марқұмның туыстары оның өліміне жоғары курс студенттері тарапынан жасалған қысым себеп болды деп отыр. Әкесінің айтуынша, олар бірінші курс студенттерін жатақхананың фитнес залына апарып, күш көрсеткен.

«Ұлым сол жерде көз жұмды. Жедел жәрдем дер кезінде шақырылмаған. Кейін оны бөлмеге апарып, одан соң төменге түсірген», – деді марқұмның әкесі Руслан Сейсенбаев.

Туыстарының сөзінше, мұндай қысым жүйелі түрде болған және студенттер оқиғаны жасыруға тырысқан.

Ал колледж әкімшілігі жатақханада «әлімжеттік болмағанын» мәлімдеді. Олардың айтуынша, жанжал тұрмыстық сипатта болған. Сонымен қатар тәртіпті бақыламаған қызметкерлер жұмыстан босатылған.

Қызылорда облысының полиция департаменті аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғаған. Бір студент қамауға алынды. Тергеу амалдары жалғасып жатыр.

Марқұмның туыстары оқиғаға жауапты барлық тұлғаларды, соның ішінде қауіпсіздікке жауапты қызметкерлерді де жауапкершілікке тартуды талап етіп отыр.

фото: depositphotos

https://qaz365.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.