АЛМАТЫДА ЖАРЫЛЫС ТУРАЛЫ ЖАЛҒАН ХАБАР ТАРАТҚАН ОҚУШЫЛАР ҰСТАЛДЫ
Құқық қорғау органдарының мәліметінше, олар қылмыс жасау кезінде анонимді телефон нөмірлері мен электрондық пошталарды пайдаланған.
– Бұл «әзіл» болса да, мұндай әрекет қылмыстық құқық бұзушылық болып саналады. Жалған қауіп туралы хабарламалар адамдар арасында дүрбелең туғызып, шұғыл қызметтердің жұмысына кедергі келтіреді. Мұндай іс-әрекет үшін бас бостандығынан айыруға дейін жауапкершілік қарастырылған, – деді Аман Әубәкіров.