Тоқаевтың ақылтекесі шетелдік журналдарда жарық көрді

0 73

Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ақжан есімді ақылтекесі туралы бірнеше шетелдік әуе компаниясының басылымдары жарыса жазып жатыр, деп хабарлайды Politico.kz порталы Qazinform-ға сілтеме жасап.
Бұған дейін президент өзіне сыйға тартылған ақылтекені арнайы барып көрген болатын. Енді міне ресейлік «Россия» әуе компаниясының мамыр айындағы санында осы Ақжанға арналған мақала шықты, ал дәл осындай материал Қытайдың «Wings of China» журналында да басылды.

Сонымен қатар бұл ақылтеке туралы отандық «Air Astana» компаниясының ұшақтарында таратылатын басылымнан да оқуға болады. Мұндай мақалалар әуе рейсі кезінде шетелдік туристерге еліміз туралы көбірек мәлімет алуға мүмкіндік береді.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа сыйға тартылған таза қанды ақылтекенің әкесі Қанатлы, ал енесі Табыс деп аталады. Ақжан деген атты президенттің өзі қойған, бұл жаны таза деген мағынаны білдіреді.

Мақала авторлары әлемдегі ақылтекелердің тек 3%-ында ғана кездесетін Ақжанның ақсары түсіне ерекше назар аударған. Дала мәдениетінде мұндай түс сәттілік пен өркендеудің белгісі саналады.

«Оның терісі айрықша оптикалық қасиетке ие, өте жіңішке қылдары жарыққа шағылысып, жылтырап жарқырап, ғажайып реңге енеді», – деп жазды мақала авторлары.

Фото: ҚР ПРЕЗИДЕНТІНІҢ ТЕЛЕРАДИОКЕШЕНІ

Дереккөз: https://politico.kz/kz/article/toqaevtyn-aqyltekesi-sheteldik-zhurnaldarda-zharyq-kordi?fbclid=IwY2xjawRuaeFleHRuA2FlbQIxMQBzcnRjBmFwcF9pZBAyMjIwMzkxNzg4MjAwODkyAAEeAGRjoFKakKHEgnL4BOCIRSYNPbxGgS47DjR2v0I5513GxSZz2VJ1mBpuG-w_aem_ZR3jyFgC3q-grF72wPhkcg

Leave A Reply

Your email address will not be published.