ЖАНҒА ЖАЙЛЫ ЖАҢА АЛАҢ АШЫЛДЫ

0 112
7 мамыр — Отан қорғаушылар күні мерекесі күні Д.Қонаев орта мектебінің алдында жаңа алаңның ашылу салтанаты өтті. Шараға қатысқан аудан әкімі Сәкен Мамытов құттықтау сөз сөйледі: -Бүгінгі алаң тұрғындардың сүйікті орнына айналатыны сөзсіз. Өрнектермен айшықталған субұрқақ «Ауылдың алты ауызы» айтылатын кештердің куәсі болмақ.
Бұл орын талай шығармашыл жандардың шабытына арқау болады деп сенемін. Субұрқақты күтіп ұстау, баптау ауыл азаматтарының азаматтық міндетіне айналуы тиіс, — деді.
🔰Жанға жайлы, серуен үшін таптырмас орынға айналған алаңда ыңғайлы орындықтар, көлік тұрағы мен субұрқақ қамтылған. Сонымен қатар, көлік тұрағы асфальтталып, айнала абаттандырылды. Мердігер «Айсерік» ЖШС — нің иесі — Ғани Рыспанов аталмыш жобаны сәтті жүзеге асырды. «Жаңатас ЖЭС» ЖШС-і мен «Шоқпар ЖЭС» ЖШС-інің демеушілігімен іске асып отырған жоба сәтті іске асты. Жалпы «Жаңатас ЖЭС» ЖШС-і мен «Шоқпар ЖЭС» ЖШС-інің демеушіліктерімен ауданымызда бірқатар жобалар жүзеге асты. Атап айтсақ, 2021- 2022 жылдары Жаңатас қаласындағы «Ақбұлақ» демалыс орнын толық екі кезеңде абаттандырылды. 2023 жылы Жаңатас қаласындағы орталық алаңға сахна орнатылды. 2024 жылы Жаңатас қаласы «Даңқ» момументіне субұрқақ орнатылды.
Leave A Reply

Your email address will not be published.