Семейдегі орталық алаңды жаңғырту жұмысы басталды
Бүгін облыс әкімі Берік Уәли Семейдегі бірқатар нысандарды аралап, құрылыс және жаңғырту, абаттандыру жұмыстарының барысымен танысты.

«Қаланың қақ ортасында тұрған алаңға соңғы рет 2014 жылы жөндеу жасалған. Содан бері жөндеу жүргізілмеген. Тақтастары, барлығы ескіріп, тозған. Енді алаңды заман талабына сай жаңартып, пайдалануға береміз», — деді Берік Уәли.
Облыс әкімі қала әкімі мен тиісті басқармаларға жаңғырту жұмыстарының қарқыны мен сапасын бақылауда ұстауды тапсырды.


Облыс әкімі ғимараттың сәулеттік келбетін сақтай отырып, заманауи талаптарға сай жаңғырту қажеттігін жеткізді.
АБАЙ ОБЛЫСЫ ӘКІМІНІҢ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ