Облыс әкімі Шүлбі демалыс аумағының сол жағалауын дамыту жобасымен танысты
Аймақ басшысы Берік Уәли Шүлбі су қоймасының сол жағалауын абаттандыру және туристік әлеуетін дамыту бағытындағы жобалармен танысты.
Облыстық Туризм басқармасының басшысы Бекжан Бапышевтың айтуынша, жоба аясында жағалау аумағында демалыс инфрақұрылымын қалыптастыру және тұрғындар мен туристер үшін қолайлы жағдай жасау көзделген.


Аймақ басшысы жобаға қолдау білдіріп, іске асыруға кірісу қажеттігін атап өтті.
«Шүлбі демалыс орнының сол жағалауындағы 6 шақырым аумақты абаттандыру жоспарланып отыр. Демалушылар үшін қолайлы жағдай жасап, заманауи талаптарға сай барлық қажетті жабдықтарды орнату қажет.
Жалпы, Шүлбі су қоймасы – өңір үшін туристік қана емес, экономикалық тұрғыдан да маңызды аумақтардың бірі. Сондықтан жағалауды заман талабына сай абаттандырып, қауіпсіз әрі қолайлы демалыс орнына айналдыруымыз қажет. Бұл бағыттағы жұмыстар кезең-кезеңімен әрі сапалы жүзеге асырылуы тиіс», – деді Берік Уәли.
АБАЙ ОБЛЫСЫ ӘКІМІНІҢ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ