Белгілі қоғам қайраткері Бақыт Түменова өмірден өтті
Әлеуметтік желіден
https://turkystan.kz/article/280650-belgili-qogam-qairatkeri-baqyt-tumenova-omirden-otti
«Аман-саулық» қоғамдық қорының президенті Бақыт Түменованың қайтыс болғаны туралы Мәжіліс депутаты Ермұрат Бапи әлеуметтік желіде жазды.
Бақыт Туменова 1948 жылы Қызылордада дүниеге келген. Семей мемлекеттік медицина институтын «педиатрия» мамандығы бойынша бітірген.
1972-1994 жылдары Семей Денсаулық сақтау жүйесінде еңбек етті. Балалар жұқпалы аурулар ауруханасында дәрігер болып жұмыс істеді, облыстық басқармада басшылық қызмет атқарды.
Кейін облыс әкімінің аппаратында жұмыс істеді. Онда әлеуметтік салаға және ядролық сынақтардың салдарын жою мәселелеріне жетекшілік етті.
1998-2001 жылдары Павлодар облысы әкімінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары қызметін атқарды.
2000 жылдардың басында бірқатар қоғамдық-саяси бірлестіктің қызметіне қатысты.
2007 жылдан бастап «Аман-саулық» қоғамдық қорын басқарды.
Ол денсаулық сақтау министрлігі Ұлттық қоғамдық кеңесінің, Алматы әкімі жанындағы Сараптамалық кеңестің және қалалық Денсаулық сақтау басқармасы қоғамдық кеңесінің құрамында болды.
Толық нұсқасына гиперсілтеме беруді ұмытпаңыз: https://turkystan.kz/article/280650-belgili-qogam-qairatkeri-baqyt-tumenova-omirden-otti