«Жерұйық» фильмі көрсетіліп, тәрбиелік шара ұйымдастырылды

Жамбыл облысы бойынша ҚАЖД №67 мекемесінде сотталған азаматтарға тәрбиелік бағыттағы «Жерұйық» көркем фильмі көрсетілді. Аталған шара сотталған азаматтардың рухани-адамгершілік құндылықтарын арттыру, ұлттық мәдениетке деген қызығушылығын ояту және бос уақыттарын тиімді ұйымдастыру мақсатында өткізілді.
Фильм барысында көрермендер туған жерге деген сүйіспеншілік, ел бірлігі, адамгершілік пен ізгілік секілді маңызды құндылықтармен танысты. Кинотуынды мазмұны сотталған азаматтарға ой салып, өмірлік ұстанымдарын қайта қарауға ықпал етті.
Іс-шара соңында мекеме қызметкерлері қатысушылармен пікір алмасып, фильмнен алған әсерлері туралы сұхбат жүргізді. Көпшілік көркем туындының тәрбиелік мәні жоғары екенін атап өтті.
Осындай мәдени-көпшілік және тәрбиелік іс-шаралар алдағы уақытта да тұрақты түрде жалғасын табатын болады.