WhatsApp биыл қыркүйектен бастап кейбір Android құрылғыларында жұмыс істемейді
Танымал WhatsApp мессенджері 2026 жылғы қыркүйектен бастап Android жүйесінің ескі нұсқалары орнатылған телефондарда жұмыс істеуді тоқтатады.
Басылым мәліметінше, 2026 жылғы 8 қыркүйектен бастап WhatsApp Android 6 нұсқасынан төмен жүйелерде жұмыс істемейді. Қазір мессенджер мұндай құрылғыларды пайдаланатын қолданушыларға қосымша ашылған сәтте арнайы ескерту жіберіп жатыр.
“Хабарламада 2026 жылғы 8 қыркүйектен бастап WhatsApp Android жүйесінің кейбір нұсқаларында қолжетімсіз болатыны айтылған. Атап айтқанда, мессенджер Android 6.0 нұсқасынан төмен барлық жүйеге қолдау көрсетуді тоқтатады. Бұл өзгеріс күшіне енгеннен кейін Android 5.0 және 5.1 жүйесінде жұмыс істейтін құрылғылар WhatsApp қолданбасын пайдалана алмайды”, – делінген жарияланымда.
WhatsApp маңызды хат-хабарлар жоғалып кетпеуі үшін қолданушыларға осы күнге дейін чаттарының резервтік көшірмесін жасап алуға кеңес береді. Чат тарихының көшірмесін қосымшаның баптаулары арқылы тікелей Google Drive-қа сақтауға болады.
Балама ретінде қолданушылар чат тарихын құрылғының ішкі жадында қосымша автоматты түрде жасайтын жергілікті резервтік көшірмеден қалпына келтіре алады. Қажет болған жағдайда бұл файлды кейін қолмен басқа құрылғыға көшіруге болады.
Фото: pexels.com
