«Ең болмағанда…»: Әнші Жазира Байырбекова жан сырын ақтарды
Әлеуметтік желіден
«Ең болмағанда…»: Әнші Жазира Байырбекова жан сырын ақтарды: 27 сәуір 2026, жаңалықтар Turkystan.kz
Әнші Жазира Байырбекова бала күнінен жақсы тұрмыс пен жайлы өмірді армандағанын айтты, деп хабарлайды turkystan.kz.
Өнер иесі кішкентай кезінде әкесімен бірге гастрольдік сапарларға жиі шығып, түрлі үйлерде қонақ болғанын еске алды.
Оның айтуынша, сол кезден бастап әдемі әрі жайлы баспанада тұруды армандаған.
«Менің ол жаратылысым ба, болмысым ба білмеймін. Кішкентай кезімнен әкеммен гастрольдік сапарда әртүрлі үйлерге барып қонақ болып жүрдік. Сол көргеннен бе деймін. Бізді өнер адамдары деп алақандарына салып күтіп жатқанда, «мен ондай әдемі үйде тұрмасам, бұлар мені қалай құрметтеп жатыр» деп ойлайтынмын.
Мені құрметтеген адамдармен материалдық жағдайымды да, өнерімді де салыстыратынмын. Автобуспен мектепке бара жатып, «ең болмағанда мынадай үйіміз болса ғой» деп армандайтынмын. Қазір де комфортты жақсы көремін», – деді Жазира Байырбекова.
Толық нұсқасына гиперсілтеме беруді ұмытпаңыз: https://turkystan.kz/article/280453-en-bolmaganda-ansi-zazira-baiyrbekova-zan-syryn-aqtardy