Ақмола облысында 70 тонна шөп өртеніп кетті

0 49

Фото: Ақмола облысы ТЖД

Ақмола облысында 70 тонна шөп өртеніп кетті: 26 сәуір 2026, жаңалықтар Turkystan.kz
Аршалы ауданында ондаған тонна мал азығы отқа оранды. Мәліметтерге сәйкес, өртке шөп сақтау ережелерінің бұзылуы себеп болған, деп хабарлайды turkystan.kz.

Өрт Шортанды ауылындағы жер үй аумағында болған. Жиналып тұрған 70 тонна шөп бірден лап етіп, жақын маңдағы нысандарға қауіп төндірген. Құтқарушылар мен Константиновка ауылының «Ауыл құтқарушылары» бөлімшесінің жедел әрекетінің арқасында тілсіз жау толығымен ауыздықталды.

Зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ. Мамандар өрттің шығу себебін анықтады: шөпті сақтау кезінде өрт қауіпсіздігі ережелері сақталмаған.

Құтқарушылар облыс тұрғындарына шөпті тұрғын үйлерден, шаруашылық нысандарынан барынша алыс жерде сақтау қажеттігін тағы да еске салады

Толық нұсқасына гиперсілтеме беруді ұмытпаңыз: https://turkystan.kz/article/280430-aqmola-oblysynda-70-tonna-sop-ortenip-ketti

Leave A Reply

Your email address will not be published.