Құтқарушылар жоғалып кеткен 85 жастағы ер адамды тапты

0 32

ТЖМ

Құтқарушылар жоғалып кеткен 85 жастағы ер адамды тапты: 22 сәуір 2026, жаңалықтар Turkystan.kz
Шығыс Қазақстан облысы Үлкен-Нарын ауданы Кіші Нарым ауылында 1941 жылы туған ер адам жоғалып кетті. Ол үйінен белгісіз бағытта шығып, қайта оралмаған, деп хабарлайды turkystan.kz.

Іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізуге ТЖМ күштері, полиция қызметкерлері, сондай-ақ туыстары жұмылдырылды. Іздеу тобы бірнеше топқа бөлініп, қолжетімділігі қиын аумақтарды және жақын маңдағы су айдындарын тексерді.

Іздеу жұмыстарының нәтижесінде ер адам ауыл шетінде табылды. Оны медицина қызметкерлері тексерді.

Толық нұсқасына гиперсілтеме беруді ұмытпаңыз: https://turkystan.kz/article/280229-qutqarusylar-zogalyp-ketken-85-zastagy-er-adamdy-tapty

Leave A Reply

Your email address will not be published.