«Бизнес тур – 2026» жоғары деңгейде өтті

0 68
Сарысу ауданы әкімдігінің қолдауымен, аудандық іскер әйелдер қауымдастығының ұйымдастыруымен ауданында «Бизнес тур – 2026» іс-шарасы жоғары деңгейде өтті.
Аталған бизнес-тур жоспары аясында Жаңатас қаласында екі жаңа кәсіпкерлік нысан ашылып, аудан экономикасының дамуына серпін берілді. Сонымен қатар, кәсіпкерлікпен айналысып жүрген қыз-келіншектер басқарып отырған бірнеше нысан араланып, олардың табысты істерімен танысу мүмкіндігі болды.
Іс-шара форум форматында жалғасын тауып, аудандық мәдениет үйінің фойесінде ұйымдастырылған қолөнершілер көрмесі көпшілік назарына ұсынылды. Қатысушылар ұлттық өнер мен кәсіпкерліктің ұштасқан үлгісін тамашалады.
Шара барысында аудандық іскер әйелдер қауымдастығының белсенді мүшелері аудан әкімінің және Жамбыл облысы іскер әйелдер қауымдастығы төрайымының Алғыс хаттарымен марапатталды. Сондай-ақ, қауымдастық қатары кеңейіп, 20 іскер азаматша арнайы төсбелгімен марапатталды.
Іскер, белсенді, табысты қыз-келіншектерімізге алдағы уақытта да толағай табыс, жаңа жетістіктер мен биік белестер тілейміз!
Leave A Reply

Your email address will not be published.