Қонаев қаласында 4 жастағы бала пәтерде қамалып қалған
ТЖМ
Қонаев қаласында 4 жастағы бала пәтерде қамалып қалған: 16 сәуір 2026, жаңалықтар Turkystan.kz
Қонаев қаласындағы пәтерде кішкентай бала қамалып қалған, деп хабарлайды turkystan.kz.
ТЖМ мәліметінше, оқиға орнына келген құтқарушылар альпинистік құрал-жабдықтардың көмегімен 4-қабаттан 3-қабатқа түсіп, еденде 2022 жылы туған баланы байқап, пәтер есігін ішінен ашып, сәбиді анасына табыстады.
ТЖМ ескертеді: кішкентай балаларды қараусыз қалдырмаңыз және қауіпсіздік шараларын қатаң сақтаңыз.
Толық нұсқасына гиперсілтеме беруді ұмытпаңыз: https://turkystan.kz/article/279849-qonaev-qalasynda-4-zastagy-bala-paterde-qamalyp-qalgan