Батыс Қазақстанда ветеринарлар ұрланған малды заңдастыруға көмектесті деп айыпталды

0 29
Фото: Pixabay.com

БҚО-да ветеринар дәрігерлер ұрланған малды заңдастыруға көмектескен. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Батыс Қазақстан облысында ұзақ уақыт мал ұрлаумен айналысқан ұйымдасқан қылмыстық топтың қызметі тоқтатылды. Тергеу барысында ұйымдасқан қылмыстық топ құрамында ветеринариялық дәрігерлер болғаны анықталды. Олар ұрланған малды деректер базасы арқылы заңдастыру жолымен өткізу схемасын ұйымдастырған.

Аймақ прокуратурасының хабарлауынша, күдіктілер қамауға алынды. Қалған мәліметтер Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес жарияланған жоқ.

Еске салсақ, Түркістан облысында ветеринарлық компания істелмеген жұмысқа 1 миллиард теңгеге жуық қаржы ұрлады деп айыпталған еді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.