«Жамбыл Жабаев бүгін Instagram-да не туралы жазар еді?»

0 34
«Жамбыл Жабаев бүгін Instagram-да не туралы жазар еді?» тақырыбында ерекше форматтағы байқау өтті.
⚡️ Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту басқармасы Жамбыл облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасының ұйымдастыруымен «Жамбыл Жабаев бүгін Instagram-да не туралы жазар еді?» тақырыбында рух пен технология тоғысқан ерекше байқау өтті.
📌 Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев 2026 жылды «Жасанды интеллект» жылы деп жариялауы – ел дамуының жаңа белеске қадам басқанын айқындайды. Осы бастамамен үндескен шара дәстүр мен заманауи технологияның үйлесімін сәтті көрсетті. Көрермендер уақыт пен кеңістікті байланыстыратын ерекше шығармашылық атмосфераға куә болды.
📍 Шараның басты ерекшелігі – жүргізушілердің бірі жасанды интеллект болуы. «Темірбек» атты ЖИ кейіпкері арқылы цифрлы дәуір мен рухани құндылықтардың байланысы көркем түрде ашылып, көрерменге жаңа форматтағы жүргізу стилі ұсынылды.
🖇️ Байқауға өңірдегі жетекші оқу орындары мен мәдени мекемелерден 30-ға жуық жұмыс ұсынылды. Қазылар алқасы қатысушылардың жұмыстарын ұлттық-мәдени элементтердің қолданылу деңгейі, эмоциялық және зияткерлік әсері, техникалық сапасы, идеяның жаңашылдығы және форматқа сәйкестігі бойынша бағалады. Нәтижесінде үздік жұмыстар анықталып, жеңімпаздар салтанатты түрде марапатталды.
Leave A Reply

Your email address will not be published.