ҚазАвтоЖол
Тараз – Шымкент бағытында уақытша көлік қозғалысына шектеу енгізілді: 14 сәуір 2026, жаңалықтар Turkystan.kz
Республикалық маңызы бар «РФ шекарасы – Мәртөк – Ақтөбе – Қарабұтақ – Қызылорда – Шымкент – Тараз – Қордай – Алматы – Қорғас – ҚХР шекарасы» автожолының 546-557 шақырым аралығындағы (ескі Күйік асуы) учаскесінде күрделі жөндеу жұмыстарының жүргізіледі.
Осыған орай «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ Жамбыл облыстық филиалы Әкімшілік полиция басқармасымен бірлесіп, 13 сәуірден бастап Тараз – Шымкент бағытында көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізілгенін хабарлайды.
Шектеу кезеңінде Тараз – Қаратау бағыты бойынша қозғалыс облыстық маңызы бар «Тараз – Аса – Ақкөл – Саудакент» және «Аса – Қарабастау» автожолдары арқылы ұйымдастырылады. Сонымен қатар, Шымкент – Тараз бағытына қарай ауыр жүк көліктерінің қозғалысы Жаңа Күйік асуы арқылы қамтамасыз етіледі.
Жол пайдаланушылардан сапар бағытын алдын ала жоспарлап, жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауды сұраймыз.
Толық нұсқасына гиперсілтеме беруді ұмытпаңыз: https://turkystan.kz/article/279742-taraz-symkent-bagytynda-uaqytsa-kolik-qozgalysyna-sekteu-engizildi