Елордада жастарға арналған бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтеді

0 36

istockphoto.com

Елордада жастарға арналған бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтеді: 14 сәуір 2026, жаңалықтар Turkystan.kz
Астанада 17 сәуір күні жастарға арналған кезекті бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтеді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Елорда әкімдігінің мәліметінше, жәрмеңке 17 сәуірде сағат 14:30-да Жеңіс даңғылы, 62 мекенжайында орналасқан С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің ғимаратында ұйымдастырылады.

Бұл – жастар үшін жұмыс табуға, жұмыс берушімен әңгімелесуден өтуге және қаланың жетекші компанияларымен танысуға мүмкіндік.

Ізденушілерге өзекті бос жұмыс орындары ұсынылып, жұмыс берушілермен кездесулер және карьералық кеңестер ұйымдастырылады

Толық нұсқасына гиперсілтеме беруді ұмытпаңыз: https://turkystan.kz/article/279749-elordada-zastarga-arnalgan-bos-zumys-oryndary-zarmenkesi-otedi

Leave A Reply

Your email address will not be published.