Павлодарда жұмысшыларды топырақ басып қалды – қаза тапқандар бар
Павлодар қаласында жер қазу жұмыстары кезінде бес жұмысшыны топырақ басып қалды.
Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, шұңқырдың тереңдігі – шамамен 6 метр.
Құтқарушылар келгенге дейін кәсіпорын қызметкерлері бір адамға шығуға көмектескен.
Ал төтенше жағдай мамандары тағы екі жұмысшыны жердің астынан алып шықты. Олардың барлығы ауруханаға жеткізілді.
Үйінділердің арасынан екі адамның денесі шығарылды.
Қазіргі кезде полиция еңбекті қорғау ережелерін бұзу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады. Оқиғаның мән-жайы мен себептері тергеу барысында анықталады.
Politico.kz.
Фото: Павлодар облысы ТЖД