Әйел тұрақты жұмысын тастап, мопстар мен 3700 итке көмектескен

0 45

Фото: womansworld.com

АҚШ-тағы әйел мопстарға деген махаббаты үшін тұрақты жұмысын тастап, 3700-ден астам итке жаңа үй табуға көмектескен. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі womansworld.com порталына сілтеме жасап хабарлайды.

АҚШ-та тұратын Гвенн Валлоне мопстарға деген махаббатының арқасында өмірін түбегейлі өзгерткен. Ол ұзақ уақыт бойы әртүрлі жануарлар паналарында ерікті ретінде жұмыс істеген.

Бір күні оның қарауына мопс тұқымдас иттер түсіп, сол сәттен бастап ол бұл тұқымға ерекше бауыр басқан. Тіпті олардың бірін өзі асырап алған.

Келесі бес жыл ішінде Валлоне Оңтүстік Калифорниядағы мопстарды құтқару ұйымына көмектесіп, сонымен қатар өз бизнесін қатар жүргізген. Алайда ұйым иесі сырқаттанып, жүзге жуық мопсты қарай алмай қалған кезде, барлық жауапкершілік Валлонеге жүктеледі.

Осыдан кейін ол жеке коммерциялық емес ұйым құрып, төрт жылдан соң толықтай осы іске бет бұрып, бизнесін тоқтатқан. Бүгінде Гвенн Валлоне 3700-ге жуық мопсқа жаңа үй табуға көмектескен. Ол жануарларға иелер табу үшін ашық есік күндерін, тақырыптық кештер мен түрлі іс-шаралар, тіпті иттерге арналған сән көрсетілімдерін ұйымдастырады.

«Мен мопстарға деген махаббатым өмірлік кәсібіме айналады деп ешқашан ойламадым. Барлығын тастап кету оңай болған жоқ, бірақ ешқашан өкінген емеспін», – дейді 61 жастағы әйел.

Еске салайық, бұған дейін панажай иелері ай сайын жануарларды асырауға миллиондаған теңге жұмсайтынын айтқан еді. Азық-түлік, ем-дом және күтім шығындары күн сайын өсіп, кейбір панажайлардың айлық шығыны бірнеше миллион теңгеге дейін жетеді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.