Инвесторлар Абайға бет бұрды
Абай облысының инфрақұрылымдық жобаларын қаржыландыру мәселелері талқыланды
Бүгін Алматы қаласында облыс әкімінің бірінші орынбасары Ербол Садыр Ислам даму банкінің аймақтық басшысы Әли Мұхаммед Ханмен кездесті.

Облыс әкімі Берік Уәлидің тапсырмасына сәйкес өткен кездесу барысында Абай облысының даму жоспары, сондай-ақ, жаңа әкімшілік орталықтың жобасы таныстырылды.
Кездесу қорытындысы бойынша аталған бастамаларды іске асыру мақсатында екі жақты ынтымақтастықты күшейту жөнінде уағдаластыққа қол жеткізілді.
АБАЙ ОБЛЫСЫ ӘКІМІНІҢ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ