Бүгін Түркістан ауылдық округіне қарасты «Көсегенің көк жонында» Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жүзеге асып жатқан «Таза Қазақстан» жобасындағы «Мөлдір бұлақ» республикалық акциясы аясында игі шара өтті.
Тазалыққа бастама болған шараға аудан әкімі Сәкен Мамытов, аудандық ардагерлер кеңесінің, аудандық қоғамдық кеңестің мүшелері, этнос өкілдері мен жастар қатысты. Келушілер алдымен «Қамыр әулиеге» зиярат етіп, құран бағыштады. Аудан басшысы Сәкен Үмбетұлы сөз сөйлеп, табиғатты аялауға бағытталған игі шараның маңыздылығына тоқталды. Акция барысында қатысушылар тал отырғызып, тазалық жұмыстарын жүргізді.â