Авторлық құқықтарды басқаруға арналған платформа іске қосылды
qazcopyright.kz
Авторлық құқықтарды басқаруға арналған платформа іске қосылды: 10 сәуір 2026, жаңалықтар Turkystan.kz
Қазақстанда авторлық құқықтардың бірыңғай цифрлық платформасы іске қосылды, деп хабарлайды turkystan.kz.
QazCopyright – авторлық және сабақтас құқықтарды басқаруға арналған бірыңғай цифрлық платформа. Платформа шығармалардың, авторлар мен құқық иеленушілердің бірыңғай тізілімін жасауды, сондай-ақ шарттар жасасу мен сыйақыларды есептеу процестерін автоматтандыруды қамтамасыз етеді.
«Бұл ашық жүйе. Барлық шарттар осы жүйеде көрсетіледі. Теледидар мен радиода ән қанша рет орындалса да, оның барлығы мобильді қосымша арқылы көрінеді. Әрбір әртіс оны бақылап отыра алады. Біз жүйені қаңтар айында іске қостық, алғашқы төлемдерді маусым-шілде айларында, тоқсан аяқталғаннан кейін жасалады деп күтілуде. Өнер иелері өз еңбегінің нақты монетизациясын көреді», – деді Әділет вице-министрі Бекболат Молдабеков ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында.
Толық нұсқасына гиперсілтеме беруді ұмытпаңыз: https://turkystan.kz/article/279559-avtorlyq-quqyqtardy-basqaruga-arnalgan-platforma-iske-qosyldy