Елімізде ұстаздардың білімін бағалау сынағы тоқтатылды
Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова Instagram парақшасында Қазақстанда педагогтердің білімін бағалау емтиханының тоқтатылғанын мәлімдеді.
Жұлдыз Сүлейменова мемлекет басшысының тапсырмасымен ұстаздардың білімін бағалау тоқтатылғанын айтты.
«Құрметті ұстаздар! Сіздерге сүйінші жаңалықты айтқалы отырмын. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен ұстаздарымыздың пәндік білімін бағалау тоқтатылды. Өте жақсы. Менің ойымша, мемлекет басшысы Сіздерге зор сенім артып, үлкен жанашырлық танытуда. Бұл туралы хат білім басқармаларына жолданды», – деді министр.
Мұғалімдердің білімін бағалау – ұстаздардың кәсіби қабілетін, білігін анықтау үшін жүргізілген еді. Алайда, ол жыл сайын мұғалімдердің наразылығын тудырып, үлкен пікірталасқа тудырып келген.
Еске сала кетсек, бұған дейін Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова Қазақстанда бірінші сыныпқа құжат қабылдау мерзімінің өзгергенін мәлімдеген еді.