Үкімет Қожа Ахмет Ясауи мұрасын насихаттау жоспарын бекітті

0 37
Үкімет Қожа Ахмет Ясауи мұрасын насихаттауға арналған іс-шаралар жоспарын бекітті. Тиісті қаулыға Премьер-министр Олжас Бектенов қол қойды.
Жоспар 37 іс-шараны қамтиды. Оның ішінде Ясауи еңбектерін басып шығару, «Ясауитану» клубын ашу, туристік маршруттар әзірлеу және кесенеде ғылыми-реставрациялық жұмыстар жүргізу қарастырылған.
Сондай-ақ ЮНЕСКО және ИСЕСКО аясында арнайы мәдени күндер мен Ясауи жылын жариялау мәселесі пысықталады.
Leave A Reply

Your email address will not be published.