«48 сағаттан соң тозаққа айналдырамын». Трамп Ормұз бұғазын ашуды талап етіп, «жәһаннам орататынын» айтты

0 82

АҚШ президенті Дональд Трамп Иранға қатысты қатаң мәлімдеме жасады, деп хабарлады Alash.KZ.

Ол Truth Social әлеуметтік желісіндегі парақшасында Иранға Ормуз бұғазын ашу немесе келісімге келу үшін берілген уақыттың аяқталуға жақын екенін еске салды.

«Естеріңізде ме, мен Иранға КЕЛІСІМГЕ КЕЛУ немесе ОРМУЗ БҰҒАЗЫН АШУ үшін он күн берген едім. Уақыт таусылып барады. 48 сағаттан кейін олардың үстіне тозақ орнайды. Құдайға шүкір!», — деп жазды Дональд Трамп.

Бұл мәлімдеме Иран мен АҚШ арасындағы шиеленістің күшейіп отырғанын көрсетеді.

smi24.kz
Leave A Reply

Your email address will not be published.