Мұғалімдерді қорғаңдар деп тапсырма берді`

0 97
Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова әлеуметтік желідегі парақшасында Қасым-Жомарт Тоқаевтың қабылдауында болғанын мәлімдеп, кездесуде көтерілген негізгі мәселелер туралы бөлісті.

Министрдің айтуынша, қабылдау барысында білім беру саласының өзекті бағыттары талқыланған. Атап айтқанда, Мемлекет басшысы мұғалімдердің құқықтарын қорғау және аттестация жүйесін жеңілдету мәселелеріне ерекше назар аударған.

«Президенттің қабылдауынан шықтым. Кездесу мазмұнды өтті. Білім саласына қатысты берілген тапсырмалар мен жүктелген міндеттерді талқыладық. Нақты айтқанда, мұғалімдерді қорғау және аттестация үдерісін жеңілдету жөнінде тапсырма берілді», – деді министр.

Айта кетейік, бұл бастамалар білім беру жүйесіндегі педагогтердің құқықтарын күшейтуге және олардың кәсіби бағалау рәсімдерін оңтайландыруға бағытталған.

Бұған дейін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменованы қабылдап, білім беру жүйесіндегі өзекті мәселелер мен алдағы жоспарларды талқылаған еді. Кездесу барысында Президентке 2025 жылдың қорытындылары мен биылғы жылға арналған негізгі міндеттер таныстырылды. Министрдің мәліметінше, Жаңа Конституция құндылықтарын насихаттау мақсатында оқу бағдарламалары мен оқулықтардың мазмұнын жаңарту жұмыстары жүргізіліп жатыр. Сонымен қатар, «Таза Қазақстан» бастамасы аясында экологиялық білім беру стандарттары әзірленген. Ал мектептерде «Адал азамат» атты біртұтас тәрбие бағдарламасы кезең-кезеңімен енгізілуде.

Сондай-ақ Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова ғылыми жобалармен айналысатын оқушылар мен оларды дайындайтын педагогтерге қатысты жағымды жаңалығын бөліскен еді.

Ulysmedia.kz коллажы
Leave A Reply

Your email address will not be published.