ТАЗА ҚАЗАҚСТАН — ТАЗА ТАБИҒАТ ҮШІН

0 38
🔰Көктем келіп, қарбалас тіршілік басталатын сәт береке мен ынтымақтың жаршысы іспеттес. Әсіресе, осындай кездегі ұйымшылдықпен өткен тазалық жұмыстары бірлікке апаратын айнымас жол болары анық.
🔰Осы орайда, бүгін ауданымызда этнос өкілдері тығыз шоғырланған Түркістан ауылдық округіне қарасты Арыстанды шатқалында «Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында тазалық шарасы өткізілді. Игі іске Түркістан ауылдық округінің әкімі Д.Борсықов, ауыл тұрғындары, этнос өкілдері мен белсенді жастар қатысты. Шараны ауыл әкімі Д.Борсықов ашып сөз сөйледі. Мұнан соң ауыл ақсақалдары да ізгі тілектерін арнап, ақ баталарын берді: — Мемлекет басшысы Қасым — Жомарт Тоқаевтың бастамасымен іске асып отырған аталмыш акция ұйымшылдыққа, ынтымақ пен ұйысқан бірлікке жетелейді, — деді. Тазалық жұмыстары барысында шатқал күл қоқыстан тазаланып, қатысушылар табиғатты аялауға үлес қосты.
Leave A Reply

Your email address will not be published.