«Жасыл Ел – Тараз» мекемесінің қызметкерлері қаланың тазалығы мен көркеюі жолында аянбай еңбек етуде. Олар күн сайын аялдамаларды, тротуарлар мен жол жиектеріндегі қоқыстарды жинап, саябақтар мен қоғамдық кеңістіктерді ретке келтіріп, қоқыс жәшіктерінің тазалығын қадағалайды, сондай-ақ арық жүйелерін тазартады.
Бұл жұмыстар тұрақты негізде ұйымдастырылып, қатаң бақылауға алынған. Мұның барлығы шаһардың санитарлық жағдайын жақсартып, тұрғындар үшін қолайлы әрі таза орта қалыптастыруға мүмкіндік беруде.
————————————————————————————-
В городе ежедневно ведутся работы по благоустройству и санитарной очистке.
Сотрудники «Жасыл Ел – Тараз» каждый день трудятся на благо города: очищают остановки, убирают мусор с тротуаров и дорог, приводят в порядок парки и общественные пространства, обслуживают урны, вычищают арыки.
Комплекс этих работ проводится на постоянной основе и находится под строгим контролем, что позволяет поддерживать чистоту и порядок в городской среде.