Өскемен тұрғыны дүкеннен 80 қорап шоколад ұрлап кеткен (ВИДЕО)
Polisia.kz
Өскемен тұрғыны дүкеннен 80 қорап шоколад ұрлап кеткен (ВИДЕО): 31 наурыз 2026, жаңалықтар Turkystan.kz
Өскемендегі ірі сауда орталықтарының бірінде бірнеше рет жасалған ұрлық фактісі тіркелді, деп хабарлайды turkystan.kz.
Қаңтар-ақпан айлары аралығында ер адам сауда залынан бірнеше рет тауар ұрлаған. Ол өз әрекетін ешкім байқамаған сәттерді пайдаланып, заттарды сыртқы киімнің ішіне жасырып, ақысын төлеместен дүкеннен шығып кетіп отырған.
Күдіктінің негізгі нысанасы — тәтті болды. Ол жалпы саны 80 қорап Merci шоколадын жымқырған. Бұдан бөлек, күдікті косметикалық құралдарды, азық-түлік пен жеке гигиена заттарын да қолды қылған.
Осындай заңсыз әрекеттердің салдарынан сауда ұйымына 250 мың теңгеден астам материалдық шығын келтірілді.
Кезекті ұрлық әрекеті кезінде күдіктінің жеке басы ШҚО ПД жедел басқару орталығының бейнебақылау камераларының көмегімен анықталып, ұсталды.
Қазіргі уақытта аталған факті бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Күдіктіге қатысты күзетпен ұстау бұлтартпау шарасы таңдалды.
Толық нұсқасына гиперсілтеме беруді ұмытпаңыз: https://turkystan.kz/article/278951-oskemen-turgyny-dukennen-80-qorap-sokolad-urlap-ketken-video