«Қажымұқан – әлем чемпионы» фильмі көрсетілді

0 6

Жамбыл облысы бойынша ҚАЖД №67 мекемесінде сотталған азаматтарды қоғамға қайта бейімдеу және олардың мәдени-рухани деңгейін арттыру мақсатында тәрбиелік іс-шара ұйымдастырылды. Аталған шара аясында сотталғандарға «Қажымұқан – әлем чемпионы» көркем фильмі көрсетілді.

Фильм барысында қазақ халқының даңқты балуаны Қажымұқан Мұңайтпасұлының өмір жолы, оның қайсарлығы мен табандылығы, әлемдік аренадағы жеңістері кеңінен баяндалды. Көрсетілім сотталғандардың тарихи тұлғаларға деген қызығушылығын арттырып, отансүйгіштік сезімдерін нығайтуға ықпал етті.

Іс-шара соңында қатысушылар арасында пікір алмасу ұйымдастырылып, фильмнің тәрбиелік мәні талқыланды. Сотталған азаматтар батыр тұлғаның өмірінен үлгі алып, алдағы уақытта заң талаптарын сақтап, қоғамға пайдалы азамат болуға ұмтылатынын жеткізді.

Мұндай мәдени-тәрбиелік бағыттағы іс-шаралар алдағы уақытта да жалғасын табатын болады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.