Әйел болу қиын емес!

0 50
Қиыны…
Қиыны — күйеуінің ашуы келгенде бір ауыз сөзге тосылып қалып, тіл қатпау;
Қиыны — қарны ашып келгенде, түн ортасы болса да, тұрып тамағын алдына қою;
Қиыны — мысқылдап, кекетіп айтудың реті келсе де, оны ренжітпеу үшін тілді тістей білу, оған түсіністікпен қарау;
Қиыны — оның да өз жеке тұлғалық кеңістігі барын мойындап, оған қол сұқпау;
Қиыны — өмірдің қиыншылығынан шаршап, ашуын сізден алғанда, оны дұрыс түсініп, ренжіп қала бермеу;
Қиыны — көңіл-күйіңіз көтеріңкі ме, әлде төмен бе, көшеден кіріп келгенде оны күлімсірей қарсы алу;
Қиыны — кейде ренжітіп, көңіліңізді қалдырса да, оның тілеуін шын жүректен тілей білу.
Қиыны — қаншама қызықты әрі жұмбақ көрінсе де, телефонын ақтарып, ішін тексермеу;
Қиыны — нәпсіге жақпаса да, бой ұсыну, бағына білу;
Қиыны — кемшіліктері, міні болса да, балаларға әкесін әлемдегі ең жақсы адам ретінде көрсете білу…
Мұрат Рақымжан
Leave A Reply

Your email address will not be published.