ҚОНАҚТЫҢ ҚҰДЫРЕТІ

0 58
Арыстан қарт екі дөңгелекті жеңіл арбаға жеккен атпен Жаңақала жағында жолаушылап жүріп далада мал бағып отырған таныс жігіттің үйіне түстене кетейін деп бұрылыпты. Үйдегі жас келіншек келген жолаушыны ұнатпай, ішінен:
«Үсті шаң-шаң болып ел қыдырып жүрген қайдағы ақсақ шал қайдан келеді осы?!» – деп ойлапты. Малшы жігіт малдан келе қоймаған екен. Келіннің ойын білген Арыстан қарт үйге кірмей доғарулы арбаның көлеңкесінде тоқым-көпшігін төсеніп қисайып жатыпты. Бір мезгілде малшы жігіт келіп Арысекеңді танып, көрісіп:
– Сыртта не ғып жатырсыз, үйге кірмейсіз бе? – десе:
– Кіремін ғой. Кішкене таза ауада жата тұрайын – депті.
Сөйтіп жатқанда сыртқа кіріп-шығып тамақ әзірлеп жүрген келіншек босағаға сүрініп, үлкен башайын шығарып алып ойбай салды дейді. Үй иесі мұның тегін емес екенін біліп әйеліне:
– Сырттағы қартты жақтырмай, бірдеңе ойладың-ау! Сені сол кісінің аруағы жазалаған шығар, әйтпесе тал түсте табалдырыққа сүрініп не болыпты?! Бұл тегін кісі емес, Тайпақта тұратын Арыстан деген әулие қарт осы. Барып сен үшін кешірім сұрайын – деп Арыстанға келіп:
– Келініңіздің бір білместігі болса кешіріңіз! Айып бізден – десе, Арыстан қарт:
– Оқасы жоқ. Шыққан башайды кәзір салып беремін, келінжан бұдан былай абайлап жүрсін! – деген екен.
Авторы белгісіз
Leave A Reply

Your email address will not be published.