Қордай ауданы әкімдігінің бөлімдері мен ауданға қарасты мекемелердің қызметкерлері санитарлық-тазалық айлығы аясында ұйымдастырылған сенбілікке белсенді түрде қатысуда.
Сенбілік барысында мекеме қызметкерлері белгіленген аумақтарды қоқыстан тазартып, көше бойларын ретке келтіруде. Сонымен қатар, қоғамдық орындар мен әлеуметтік нысандардың айналасы тазартылып, экологиялық мәдениетті қалыптастыруға үлес қосылуда.