Бала құқығын қорғау — басты назарда. Оқушылар арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алуда жан — жақты жұмыстар жүйелі іске асып келеді. Осы орайда, 2026 жылғы білім беру ұйымдарында үшінші тоқсанның аяқталуына және жасөспірімдердің демалысқа шығуына байланысты аудан аумағында «Демалыс» жедел профилактикалық іс шарасы өтті.
Шараға аудандық прокуратура, аудандық полиция бөлімі, аудан әкімдігінің ішкі саясат бөлімі, Отбасын қолдау орталығы, аудандық білім бөлімінің және «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің қызметкерлерінің қатысты. Рейдтік жұмыстар жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғауға бағытталған. Іс — шара барысында құқықбұзушылық әрекеттері орын алған жоқ.