Білім саласындағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жұмыстары талқыланды

0 50
📌Бүгін «AMANAT» партиясы Жамбыл облыстық филиалы жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл жөніндегі қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өтті.
▶️ Жиын барысында ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының 2022-2026 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру аясындағы міндеттер және облыс әкімдігінің білім басқармасы мен оған қарасты мекемелердегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы жұмыстардың барысы қаралды.
▶️ Кеңес мүшесі Қасымхан Төлендиев алдын ала жүргізілген зерделеу жұмыстарының қорытындысын таныстырып, соңғы бір жыл ішінде сыбайлас жемқорлық фактілері тіркелмегенін атап өтті. Сонымен қатар алдын алу шараларының жүйелі түрде жүргізіліп жатқанын жеткізді.
▶️ Күн тәртібіндегі мәселе бойынша облыстық білім басқармасының басшысы Нұрбек Оршыбеков баяндама жасап, атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды. Оның айтуынша 2025 жылдың есепті кезеңінде мемлекеттік қызметшілер тарапынан әдеп нормаларын бұзу немесе мемлекеттік қызмет беделіне нұқсан келтіру деректері орын алмаған.
▶️ Отырыс барысында кеңес мүшелері білім беру ұйымдарындағы бос басшылық лауазымдар мәселесін де көтерді. Қазіргі таңда облыс бойынша 63 білім беру ұйымында басшы қызметі бос. Оның ішінде 28 орта мектеп 24 мектепке дейінгі ұйым 7 қосымша білім беру ұйымы 2 арнайы білім беру ұйымы және 2 облыстық білім басқармасына қарасты мекеме бар.
▶️ Жиын қорытындысы бойынша тиісті ұсыныстар беріліп алдағы жұмыстардың бағыттары айқындалды.
Leave A Reply

Your email address will not be published.