Халықаралық турнирінің жеңімпазына құрмет

0 41
Дзюдодан Tbilisi Grand Slam 2026 халықаралық турнирінің жеңімпазы Нұрқанат Серікбаевты қабылдадым.
🇬🇪 2026 жылғы 20–22 наурыз аралығында Тбилиси қаласында өткен беделді халықаралық жарыс Халықаралық дзюдо федерациясы ұйымдастыратын әлемдік тур кезеңдерінің бірі болып саналады.
🥋 Дүбірлі додаға 51 елден 386 спортшы қатысып, 14 салмақ дәрежесі бойынша жүлделер сарапқа салынды.
🇰🇿 Қазақстан ұлттық құрамасы сапында сынға түскен 12 спортшының ішінде жамбылдық Нұрқанат Серікбаев 66 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде топ жарып, алтын жүлдеге ие болды 🥇
👏 Ел абыройын асқақтатып, халықаралық аренада жоғары нәтиже көрсеткен спортшымызды құттықтаймыз!
Leave A Reply

Your email address will not be published.