Шетелдегі қазақстандықтарға паспорт дайындау мерзімін қысқарту жоспарлануда
Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі паспорттарды рәсімдеу мерзімін 90 жұмыс күнінен 40 жұмыс күніне дейін қысқартуды көздейтін өзгерістер жобасын әзірледі.
Сонымен қатар құжат мазмұны жаңартылып, ескірген нормалар алынып тасталады және қолданыстағы заңнамаға сәйкестендіріледі. Атап айтқанда, «Мемлекеттік және әлеуметтік жауапты қызметтер туралы» заң мен Цифрлық кодекс талаптары ескерілген.
Жоба 6 сәуірге дейін қоғамдық талқылау үшін Ашық НҚА порталы сайтында жарияланды.