Ескі 10 мың теңгелік банкноталардың айналымда жүру мерзімі ұзартылды
Номиналы 10 000 теңгелік ескі банкноталардың қатар айналымда жүру мерзімі 2027 жылдың маусымына дейін ұзартылды. Бұл туралы Ұлттық Банк хабарлады.
Қазір «Сақ стилі» сериясындағы жаңа банкноталарды шығару жалғасуда. Ескі үлгідегі банкноталар жаңа үлгідегі купюраларға кезең-кезеңімен ауыстырылады. Осыған байланысты айналымда қатар жүру механизмі қолданылады.
Қатар айналым кезеңінде ескі және жаңа банкноталар заңды төлем құралы болып қала береді. Аталған кезең аяқталғаннан кейін ескі үлгідегі банкноталарды барлық банктер мен «Қазпошта» АҚ арқылы 3 жыл бойы, ал Ұлттық Банктің филиалдарында мерзімсіз айырбастауға болады.