Ерболат Досаев Президент әкімшілігіндегі лауазымынан босатылды
Ерболат Досаев Президент әкімшілігі басшысының орынбасары қызметінен босатылды.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев тиісті жарлыққа бүгін, 25 наурызда қол қойды. Кадрлық шешімнің нақты себептері ресми хабарламада көрсетілмеген.
Досаев Президент әкімшілігі басшысының орынбасары лауазымын 2025 жылдың қыркүйегінен бері атқарған еді. Осыған дейін Алматы қаласының әкімі қызметінде болған ол былтыр мамыр айында бұл лауазымнан кеткен.
Әр жылдары елімізде Ұлттық банк төрағасы, премьер-министрдің орынбасары, «Бәйтерек» холдингінің басқарма төрағасы секілді жауапты қызметтерді атқарған Ерболат Досаев бұдан бөлек, Ұлттық экономика, Денсаулық сақтау, Қаржы министрліктерін басқарған.
Сондай-ақ ол «Самұрық-Қазына» қоры мен «Бәйтерек» ұлттық инвестициялық холдингінің директорлар кеңесіне мүше болып сайланған.
Оның орнына Мемлекет басшысының экономикалық мәселелер жөніндегі көмекшісі болып Нұрлан Байбазаров тағайындалды.
Айта кетелік, бұған дейін Алматыда белгілі саясаткер, қоғам белсендісі Санжар Боқаевтың ұсталғанын хабарлағанбыз. Журналист Гүлжан Ерғалиева осы тұста Досаев пен Боқаевтың арасындағы кикілжің туралы тың мәлімет айтқан.
Фото: Алматы қаласы әкімдігі, gov.kz
Ertenmedia.kz Ақордаға сілтеме жасалған