Қара өрік ішекке пайдалы
сурет: istockphoto.com
Қара өрік ішекке пайдалы: 24 наурыз 2026, жаңалықтар Turkystan.kz
Қара өрік ішек микрофлорасын жақсартып, пайдалы бактериялардың белсенділігін арттырады. Мұндай қорытындыға Миннесота университеті ғалымдары келді. Зерттеу нәтижелері Food & Function журналында жарияланды, деп хабарлайды turkystan.kz.
Ғылыми тәжірибе барысында мамандар ішек ісіктерінің даму қаупі жоғары егеуқұйрықтарды зерттеген. 32 апта бойы жануарларға әртүрлі рацион берілді: стандартты диета, құрамында 5% және 10% қара өрік бар тағам.
Нәтижесінде қара өрік ісік мөлшері мен санына тікелей әсер етпейтіні анықталды. Яғни, өнімнің қатерлі ісікке қарсы нақты әсері дәлелденбеген.
Алайда зерттеу басқа маңызды өзгерістерді көрсетті. Қара өрік тұтынған топтарда:
– ішектегі ферментация үдерістері күшейген
– пайдалы бактериялардың алуан түрлілігі артқан
– қысқа тізбекті май қышқылдарының түзілуі көбейген
Әсіресе бутират деп аталатын қосылыстың деңгейі жоғарылаған. Бұл зат ішек қабырғасын қорғайды және қабыну процестерін реттеуге қатысады.
Ғалымдардың айтуынша, қара өрік ісікке тікелей әсер етпесе де, ішек микробиомын жақсарту арқылы ас қорыту жүйесінің жалпы саулығына оң ықпал етуі мүмкін.
Толық нұсқасына гиперсілтеме беруді ұмытпаңыз: https://turkystan.kz/article/278609-qara-orik-isekke-paidaly