Төрт адамды түні бойы іздеген: Алматы облысында жоғалып кеткен отбасы табылды

0 3

112

Төрт адамды түні бойы іздеген: Алматы облысында жоғалып кеткен отбасы табылды: 24 наурыз 2026, жаңалықтар Turkystan.kz
Бүгін түнде Алматы облысының Еңбекшіқазақ ауданында құтқару операциясы жүргізілді. Екі ересек пен екі баладан тұратын отбасы Шонжы кенті маңындағы демалыс аймағынан Алматыға қарай автокөлікпен жолға шығып, кейін байланысқа шықпай қалған, деп хабарлайды turkystan.kz.

Түн бойы Алматы облысының құтқарушылары және «Барыс» жасағы жоғалған отбасын іздеді. Жағдайды отағасының ұялы телефоны сөндірілгені және тауда қарлы ауа-райының сақталуы күрделендіре түсті.

Телефон биллингін тексеріп, Бартоғай су қоймасы аймағын зерттеген құтқарушылар, таңғы 5-те Ассы платосы маңында, қарға тұрып қалған көліктен жоғалған отбасын тапты.

Ересектер мен балаларға медициналық көмек қажет еместігіне көз жеткізгеннен кейін, құтқарушылар көлікті тазартылған жолға шығарды.

ТЖД ескертеді: Таулы жер арқылы маршрут жоспарлағанда ауа райы мен жол жағдайын ескеріңіз. Қауіпсіздігіне күмән туындаса жолға шықпаңыз!

Толық нұсқасына гиперсілтеме беруді ұмытпаңыз: https://turkystan.kz/article/278602-tort-adamdy-tuni-boiy-izdegen-almaty-oblysynda-zogalyp-ketken-otbasy-tabyldy

Leave A Reply

Your email address will not be published.