БҰЛАҚ КӨРСЕҢ КӨЗІН АШ

0 29
🔰Қазақта, «Бұлақ көрсең көзін аш» деген даналық сөз бар. Бұлақтың маңын тазалау, көзін ашу ұрпақтан ұрпаққа жалғасып келе жатқан игі дәстүр. Наурызнаманың онкүндігіндегі соңғы Тазару күні игілікті істермен жарасым табуда.
🔰Бүгін аудан әкімінің орынбасары Нұрлан Молдабеков Жайылма ауылдық округіне қарасты «Құрттыбұлақ» бұлағының көзін ашу жұмыстарын жүргізді: — Ұлыстың ұлы күні – Наурыз күндері далалықтар табиғат – ана сүтіндей су көзін ашуды ұрпағына үлгі еткен. Бір бұлақтың көзін ашсаң өмір атты мың бұлақ салтанат құрмақ. Көсегесі көгеріп тірлік бүршік атпақ. Сен қадаған тал шыбық күні ертең бүршік атып мәуелемек, — деді Нұрлан Оңғарбекұлы.
Leave A Reply

Your email address will not be published.