Ауданда көгалдандыру жұмыстары аясында ауқымды шаралар тұрақты түрде ұйымдастырылып келеді. Бұл іс-шаралар ауданымыздың көркеюіне ерекше серпін беріп, тұрғындардың табиғатқа деген жақсы қарым-қатынасын қалыптастырады.
Осы ретте бүгін Тазару күні аясында Жайылма ауылында 500 қара тал көшеттері отырғызылды. Бұл өткен сенбі күнмен қосқандағы егілген талдар. Туған өлкені көркейтіп, жасыл желекке айналдыру мақсатында өткен шараға ауылдық округ әкімдігінің қызметкерлері, ауылдық ардагерлер кеңесінің мүшелері мен жастар қатысты. Шара аясында егілген көшеттер ауылдың көркіне көрік қосып ғана қоймай, экологияны жақсартуға септігін тигізбек.