Ақмола облысындағы шахтада заңсыз алтын қазған адам қаза тапты
istockphoto.com
Ақмола облысындағы шахтада заңсыз алтын қазған адам қаза тапты: 23 наурыз 2026, жаңалықтар Turkystan.kz
Ақмола облысында шахта опырылып, бір адам қаза тапты. Тағы екі адам жарақат алған, деп хабарлайды turkystan.kz.
Оқиға бүгін, 23 наурыз күні, Бестөбе кентіндегі шахтаның төменгі горизонтында болған. Зардап шеккен екі адам ауруханаға жеткізілді.
«Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды, қажетті тергеу амалдары жүргізілуде. Оқиғаның себептері мен мән-жайы анықталып жатыр», — делінген хабарламада.
Алдын-ала мәлімет бойынша, зардап шеккендер — Степногорск пен Астана қалаларының тұрғындары. Олар бас жарақатын алып, жамбас сүйектері сынған.
Толық нұсқасына гиперсілтеме беруді ұмытпаңыз: https://turkystan.kz/article/278569-aqmola-oblysyndagy-saxtada-zansyz-altyn-qazgan-adam-qaza-tapty